Алматыда жаңа маршрут іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінен бастап Алматы қаласында жаңа маршрут іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңа маршрут іске қосылды

Жаңа № 109 қоғамдық көлігі «Теректі» ықшам ауданы мен № 6 шағынауданы бағытында қатынайды.

«Ол Абай даңғылы – Момышұлы – Ақын Сара – Мөңке би - Қожабеков - Жаңа ғасыр көшесімен 184 мектепке дейін қатынайды.

Ақын сара көшесінен «Зерделі» шағынауданына кіреді де одан әрі Момышұлы көшесіне бұрылып, Мөңке би көшесіне жетпей кері айналып Абай даңғылына дейін, одан әрі № 6 шағын ауданына соңғы аялдамаға дейін барады.