Алматыда жаңа медресе ашылды

АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әбу Ханифа медресесі ашылды,

Алматыда жаңа медресе ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа медресенің ашылуында сөз алған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісалының айтуынша, медресе еліміздегі жас имамдарды дайындайтын негізгі орта білім беру орны болмақ. Бұл жерге жылына 25 баладан қабылданады. Олар  мұнда 3 жыл дәріс алады.

«Қазіргі уақытта түрлі ағымдар, ұйымдар бар. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Бұл орталық сондай мамандарды дайындауға ықпал ететін бірден-бір орын болады», деді Бас мүфти.

Жаңа медресенің ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, сенатор Ғарифолла Есім және еліміздің барлық облыстарындағы мешіттердің бас имамдары мен дін өкілдері қатысты.