Алматыда жаңа мектеп спорт алаңдары салынуда

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 40-тан астам қалалық мектеп алаңы қайта жаңартылып жатыр. Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салты – басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
«Біз жоғары деңгейдегі спорттық бағыттағы қауіпсіз алаңдар жасағымыз келеді», - деді білім басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, ол қазір Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында №10, 42, 63, 93, 94, 104, 128, 173, 181, 189 мектептердің 8 спорт алаңын және көпсалалы колледж жаңғыртылып жатқанын жеткізді.
«Инвестиция көлемі 400 млн теңгеден асады. Бұған дейін осы жоба аясында №40 және 95 мектептің аумағында спорт алаңдары жаңартылды», - деді Ләззат Жылқыбаева.
Спикердің сөзінше, жаңа спорт алаңдары мектеп оқушыларын қызықтыратын орынға айналады. Бүгінгі күні 33 мектеп пен №1 балалар үйінің спорт алаңдары жаңартылып жатыр. Оған жергілікті бюджеттен 1 млрд астам теңге қарастырылды.
«Биыл Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік тапсырысымен қала мектептерінде оқушыларға арналған спорт секциялары ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, жаттықтыру жұмысымен айналысатын дене шынықтыру мұғалімдерінің айлықтарына үстемақы қосылады»,- деді спикер.