Алматыда жаңа оқу жылынан бастап мектептерде үш ауысымды жүйе болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу жүйесіне ауысады, ал оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Үш аусымды жүйе бізде Алатау ауданындағы №196 мектепте болған. Қазіргі таңда 1500 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Оның құрылысы аяқталған соң, аталған жүйе жойылады. Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу жүйесіне ауысады, ал оқу жылы 31 мамырда аяқталады»,- деді спикер.

Сонымен қатар, ол қазақ тілді мектептерде орыс тілі 2 – сыныптан, ағылшын тілі 3 - сыныптан бастап оқытылатынын еске салды.

«Қазақ тілді мектептерде «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады, орыс тілі 2 – сыныптан, ағылшын тілі 3 - сыныптан бастап оқытылады. Ал, орыс тілінде білім беретін мектептерде «Әліппе», «Сауаттылыққа оқыту» және «Қазақ тілі» оқытылады, ағылшын тілін балалар 3-сыныптан бастап оқиды», - деді Айдын Сайлаубай.

Оның айтуынша, 1-сыныптарда Көркем еңбек «еңбекке баулу» және «бейнелеу өнері» болып екі пәнге бөлінді.

«Спорт залдарының шамадан тыс жүктелуіне байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабақтарында сыныптарды топқа бөлу жүзеге асырылмайды»,- деп түсіндірді спикер.


Соңғы жаңалықтар