Алматыда жаңа пошта бөлімшесі ашылды

Аталған аудан қаланың Алмалы ауданындағы халық тығыз қоныстанған аумақтың бірі. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары хаттары мен сәлемдемелерін 1956 жылы қазан айында ашылған ескі ғимараттан жіберіп жүрді. Ғимарат ескі, кезек ұзақ, халыққа қолайсыз еді. Жаңа бөлімшенің аумағы 310 шаршы метр. Қазіргі заманғы техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және барлық жағынан халықаралық стандартқа сәйкес. Мүгедектерге арнайы пандус қойылған және лифті де бар. Жаңа ПББ-де қосымша операциялық терезе ашу мүмкіндігі пайда болды, сонымен қатар Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес жабдықталған ақша айырбастау қызметі көрсетілетін болады.
Бөлімшеде аудан халқы пошталық және қаржылық қызметтері пайдалана алады. Бандерольдер, Қазақстан бойынша, ТМД елдеріне және алыс шетелдерге ақша аударымдарын жібере алады, газет-журналдарға жазылуды рәсімдейді, коммуналдық, салықтық және өзге де төлемдерді төлейді, несиелерді өтеп, зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыларын алуға мүмкіндіктері бар. Жаңа бөлімшенің ашылуына аудан тұрғындары мен Маслихат депутаттары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшелері, «Қазпочта» АҚ және Алматы почтамтының басшылығы, почта саласының ардагерлері, корпоративтік тұтынушылар қатысып, өз қуаныштарын білдірді.
«Пошта - пошта байланысы бөлімшесінен басталады. Біздің бірінші орындағы мақсатымыз - еліміздің әрбір тұрғынын пошталық және қаржылық қызметтің толық түрлерімен қамтамасыз ету болғандықтан, осы пошта бөлімшесінің ашылуынан бүкіл Қазақстан бойынша пошта бөлімшелерінің қалалық және аудандық жүйелерін жаңарту бойынша ауқымды жоба басталады деп санаймыз. Биылғы жыл біздің республикамыздың Тәуелсіздігінің 20 жылдығы болғандықтан - бұл бізді өте қуантады. Қиындықтарға қарамастан қазақстан поштасы пошта байланысы бөлімшелерін жаңартуды жалғастыруда, қызмет көрсетудің сапасы күннен күнге жоғарылап келеді, яғни тек сервистің ғана жақсаруы емес, сонымен қатар пошта байланысы бөлімшесінің келбеті де жаңарып келеді»,- деді «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов.