Алматыда жаңа саябақ салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Жетісу ауданында наурыз айында жаңа саябақтың құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Былтыр «Айнабұлақ - 1», «Айнабұлақ - 3» ықшам аудандарының скверлері және «Гүлдер» паркі өндеуден өтті. Суару жүйелері жаңартылып, жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. Биыл наурыз айында «Кемел» шағын ауданында жаңа парктің құрылысын бастап, жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз»,- деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар әкім «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы ауданда 23 жоба іске асырылғанын атап өтті.

«Оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. 2023 жылы сіздердің өтінімдеріңіз бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарды»,- дейді Ерболат Досаев.

Былтыр Алматының шеткі аудандарында алты саябақ салынатыны айтылған еді.


Соңғы жаңалықтар