Алматыда жаңа театр ашылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш театр А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдық мерейтойы құрметіне орай, училище жанынан ашылмақ. Училище өкілдерінің айтуынша, жаңа театрдың ашылу салтанатына қазақстандық және шетелдік балет жұлдыздары келеді. Құрметті қонақтардың бірі Ресей Федерациясының еңбек сіңірген халық әртісі Наталья Воскресенская Алматыға кеше келді.
Жаңа театр ашылған күні Амилькаре Понкьеллидің «Джоконда» операсынан «Уақыт биі» атты қойылымымен қатар, Камиль Сен-Санстың «Өліп бара жатқан аққу» атты хореографиялық миниатюрасы қойылатын болады. Бұл әлемдік шедевр саналатын қойылым Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Воскресенскаяның арқасында қайта жанданған болатын. Сонымен қатар концерттік бағдарламада шет ел және қазақ композиторлардың музыкасына жазылған концерттік нөмірлер, заманауи, жаңа стильде жасалынған хореографиялық қойылымдар көрсетілетін болады.
Ал қараша айының 11-і күні А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.