Алматыда жаңа тұрғын үй кешені маңында асфальт опырылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық жаңа тұрғын үй кешені маңындағы асфальттың опырылып түскеніне шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрманғазы мен Шәріпов көшелерінің қиылысындағы элиталық жаңа көпқабатты тұрғын үйдің маңында асфальт опырылып түсіп жатыр.
Оның суреттері әлеуметтік желіде тарады.
«Элиталық жаңа үйдің айналасындағы жер түсіп кеткен. Мүмкін бұл қалыпты жағдай шығар, алайда жүру қауіпті», - деп жазады желі қолданушысы.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл нысанның 2021 жылдың сәуір айында пайдалануға берілгенін хабарлады.
«Қолайлы ауа райы жағдайында және асфальт-бетон зауытының жұмысы қайта жанданған кезде «РАМС Қазақстан» ЖШС жолды жөндеп, қалпына келтіреді», - деп жауап берді әкімдіктегілер.