Алматыда жаңа жеңіл атлетика стадионы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалпы ауданы 39 000 шаршы метрлік жеңіл атлетикаға арналған жаңа стадион ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңа жеңіл атлетика стадионы ашылады

Жаңа нысанда спортшылар жеңіл атлетиканың 47 дисциплинасы бойынша сайыса алады. Стадионда 100, 400 метрге жүгіру жолдары бар. Аумағы 100х70 мертлік жасанды футбол алаңы мен биіктікке және ұзындыққа секіру орындары сонымен қатар, көлемі 100х62 метрлік табиғи шөп өсірілген ядро, диск, найза, шарбалға лақтыруға арналған алаң жасалған.

Жеңіл атлетикалық кешен «Алматы Арена» спорт сарайы маңында орналасқан. Жаңа кешен 12 қыркүйек күні ашылып, жұмысын бастайды.