Алматыда жаңа жерасты өткелінің құрылысы басталды

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Республика алаңының астында (Фурманов және Желтоқсан көшелерінің арасында) жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жерасты өткелінің құрылысы басталды.
None
None

Жертөле «Алмалы» сауда орталығы ашылғаннан кейін жаяу жүргіншілердің еркін және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Құрылысты «Алмалы Трэйд» ЖШС-і жүргізуде.

Аталмыш мекеменің Маркетинг жөніндегі директоры Ербол Машановтың айтуынша, жертөле Сәтпаев көшесінің солтүстік және оңтүстік жақтарында салынады. «Бұл өткел жер астында салынып жатқан «Алмалы» сауда орталығының ажырамас бөлігі болатын болады. Жерасты өткелінің құрылысын биылғы жылдың 15 қарашасына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз»,-деді ол.

Оның айтуынша, құрылыс жер үстінде жүргізілетіндіктен, 15 қазанға дейін алаңның оңтүстік бөлігі, әкімдіктің алдындағы тұсынан жабылады. «Кейін алаңның оңтүстік жағы ашылады да, солтүстік жағы жабылады. Құрылыс жұмыстары Сәтпаев көшесіндегі екі бағыттағы көлік қозғалысына әсер етпейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз»,-деді Е.Машанов.

Соңғы жаңалықтар