Алматыда жаңа жолайырықта көлік қозғалысы ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайырық бойымен көлік қозғалысын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының құрылысы аяқталды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы - 186 метр. Оның құрылысы осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты кешіктірілді.
Бұрындары жекелеген бүйірлік съездері бойынша қозғалыс ашылған болатын. Жолайрық Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктердің өткізу қабілетін тәулігіне - 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойымен 40 мыңға дейін арттырады.

Айта кетейік, биыл Алматының 274 көшесіндегі жаңа жолдардың ұзындығы 108 шақырымды құрайды. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен веложол салу жұмыстары аяқталды.
Бұған дейін Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта Құлжа трактісі бойынша екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылған болатын.
Сондай-ақ съездер бойынша Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне шығысқа қарай, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен Бұқтырма көшесіне съезд арқылы, бұрылу алаңына өтпестен қозғалыс ашылды.




