Алматыда Жаңа жыл қарсаңында 300 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы қаласының Тастақ базарында ҚР Тәуелсіздік күні және келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай, қайырымдылық акциясы өтті.
None
None

Онда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларына 300 әлеуметтік пакет, яғни азық-түлік себеті таратылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір азық-түлік себетіне

бір-бір келіден қант, ұн, кеспе, күріш, қарақұмық, бір литр күнбағыс майы мен сүт, бір қорапша шай және бір бөлке нан салынды. Жалпы сомасы 2 мың теңгеден астам.

Бүгінгі қайырымдылық шарасына қатысқан «Тастақ-1», «Тастақ-2» және «Тастақ-3» шағын аудандарының тұрғындары ұйымдастырушылар - Алмалы ауданының әкімдігі мен «Тастақ» базарының басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар