Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай қандай мәдени шаралар өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін мегаполисте 60-тан астам түрлі іс шара өтеді.

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай қандай мәдени шаралар өтеді

Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және «омикрон» штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады.

«Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендер ревакцинациядан өту қажет. Вакцинация пунктері жұмысын жалғастырады»- делінген жазбада.

Айта кетейік, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.