Алматыда Жаңа жыл түні төтенше оқиғасыз өтті

АЛМАТЫ.  2 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда  жаңажылдық түн төтенше оқиғасыз және ірі апаттарсыз өтті,
None
None

деп хабарлайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. 

 «Бұл түні пиротехникалық заттардан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тек, бір өрт жағдайы болды. Біздің қызметке сағат 21.08-де Мұстафа Шоқай көшесі № 23-үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Өрт сағат 23.05-те ауыздықталды. Үйден 1947 жылғы Дәулетов деген азаматтың мүрдесі табылды. Қазір бұл жағдай тексерілуде», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар