10:16, 24 Желтоқсан 2020 | GMT +6
Алматыда Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады», -делінген қаулыда.
Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.