Алматыда жаңа жылда туған нәрестелер арасында ерекше есімдер кездеседі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 500-ден астам бала дүниеге келді. Олардың арасында есімдері ерекше нәрестелер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңа жылда туған нәрестелер арасында ерекше есімдер кездеседі

«1-8 қаңтар аралығында 553 сәби дүниеге келді. Әр минут сайын жаңа туған нәрестелер саны артып келеді», - деді Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Майя Дүйсенбінова.

Сонымен қатар, ол жаңа туған нәрестелердің ата-аналары таңдаған 2021 жылдың сирек есімдерін атады. Бұл Дея, Миясара, Иасин, Аглая, Анфаль, Көзайым, Самғар, Зейн, Рианна, Адалин.

Былтыр, 01.01.2020 - 01.08.2020 аралығында 644 бала дүниеге келген.