Алматыда жаңа жылдық бас шыршаның алауы салтанатты түрде жанды

Ы. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыда Астана алаңындағы жаңа жылдық  бас шыршаның алауы салтанатты түрде жанды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов,  КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ақын Кадыр Мырза Әли, «Қазақстан - 2009» аруы  Сымбат Мадиярова қатысты.

Қала әкімі үлкен мегаполис тұрғындары мен қонақтарды алдағы келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. «Жаңа жылмен біз қашанда жаңа үміттер мен жақсылықтарды байланыстырамыз. Алдағы жаңа жылда барлық армандарымыз бен батыл жоспарларымыз жүзеге асатын болсын. Сіздерге бақыт пен махаббат тілеймін», деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Кешкі сағат 19.00-де қаланың бас шыршасымен қатар барлық жеті аудандағы шыршалар да самаладай жарқырап қоя берді.  Астана  алаңында  қала қонақтары мен балалар үшін театрландырылған қойылым көрсетілді, мұнда Аяз ата мен Ақша қар және ертегілер әлемінің басқа да кейпкерлері болды. Бұл мәдени шараға  балалар үйі мен тұрмысы төмен отбасыларынан 1000  бала қатысты.

Шара соңында қала әкімі  Алматының  алдағы жаңа жылға  дайындығымен танысты. Қазрігі кезде қалада 17  жаңа жылдық шырша орнатылған.

Қаланың барлық құрылымдары, кәсіпорындар мен мекемелер жаңа жылдық безендіру жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар олар «Ең  үздік жаңа жылдық безендіру» байқауына да қатысуда. Оның қорытындысы алдымен аудандарда, артынан қала бойынша шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар