Алматыда жаңа жылдық отшашудан 43 адам жапа шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа жылдық отшашудан 43 адам жапа шекті. Олардың 22-сі балалар. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков мәлім етті.

Алматыда жаңа жылдық отшашудан 43 адам жапа шекті

«Салют жарықшағынан жапа шеккендердің көбі қол, дене, бет жарақатымен түскен. 22 баланың 6-ы ауруханаға жатқызылды. 4 ересек адам офтальмология бөлімшесінде жатыр. Сондай-ақ, Шымбұлақ, Медеу мұз айдынында жапа шеккен 84 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олардың көпшілігі жабық тән жарақатын алған, жұмсақ тіндері соғылған. 1 бала жабық бас ми жарақатымен ауруханаға түсті», - деді бас хирург Н.Исабеков.