Алматыда жанар-жағармай бекетінің аумағына жүк вагондары аударылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бөкейханов көшесімен өтетін теміржол желісінде екі жүк вагоны аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жанар-жағармай бекетінің аумағына жүк вагондары аударылды

Нақтырақ айтқанда, төтенше оқиға аталмыш теміржол желісінің Райымбек көшесі мен Рысқұлов көшелері аралығында болды.

Жүк вагондары аударылып, «Гелиос» жанар-жағармай бекетінің жерасты цистерналарының үстіне құлаған. Жанар-жағармай бекетіне зақым келмегенімен, қауіпсіздік мақсатында қазір аталған көше толығымен жабылып, өрт сөндіру қызметі шақыртылған.

Теміржол құрамының аударылу себебі анықталу үстінде.


null


null


nullnullnull