Алматыда жанармай таситын көлік жарылған жерде баспасөз мәслихаты өтуде

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда жанармай таситын көлік жарылып, соңы өртке ұласқан жерде БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтуде.

Алматыда жанармай таситын көлік жарылған жерде баспасөз мәслихаты өтуде

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Онда оқыс оқиға бойынша алдын ала болжамдар, жалын шарпыған нысандар мен оның аумағы және төтенше жағдайды ауыздықтауға тартылған мамандар мен техниканың саны бойынша ақпарат таратылады деп күтілуде.

Жедел жәрдем бригадасы медициналық қызметкерлерінің айтуынша, сағат 10.45-ке дейін жапа шеккендер болмаған және дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер байқалмады. Кейін жанармай таситын көліктің жүргізушісі жарақаттанғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы баспасөз мәслихатынан кейін анықталады.

Видео - осында.