Алматыда жаңажылдық жәрмеңке маусымы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат.  Алматыда жаңажылдық жәрмеңкелер қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңажылдық жәрмеңке маусымы ашылады

Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, Панфилов және Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде  бірінші желтоқсаннан бастап жаңа жылдық жәрмеңкелерді ашу жоспарлануда. Сондай-ақ  жәрмеңкелер «Променад» СОО мен «Спутник» СОО-да өтеді.

 «Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жылдық сыйлықтарды  жәрмеңкелерден  алады, өйткені келушілерге көздің жауын алатын әртүрлі сыйлықтар ұсынылады: қолөнер бұйымдары, жаңа жылдық әшекейлер, ойыншықтар, кәдесыйлар, әшекейлер, декорация мен интерьер заттары және тағы да басқа сыйлықтар», - деп мәлімдеді басқармадан.

Сонымен қатар, бес сауда ойын-сауық орталығында жәрмеңкелері бар жаңажылдық мұз айдынын орнату жоспарлануда. 

Олжас Омарбек