Алматыда -жаңбыр, Астанада бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14-15 шілдеге арналған Астана мен Алматы бойынша консультативті ауа райы болжамын дайындады.
None
None

Астанада 13 шілде күні  күн ала бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С,  күндіз +19+21°С.

14 шілде күні күн ала бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С.

15 шілдеде: күн ала бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Алматы қаласы бойынша 13 шілде күні күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің  жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С,  күндіз +27+29°С.

14 шілдеде: күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің  жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

15 шілдеде: күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің  жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

Соңғы жаңалықтар