Алматыда жаңбыр құйып тұр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түстен кейін күн күркіреп нөсер жауын жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып ағып жатыр.
Кеше Алматы қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 05 маусымдағы № 58 хабарламасы негізінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
«6-7 маусымда жаңбыр жауады деген болжамға байланысты, Алматы қаласының іргелес аумақтарында су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді қалалық ТЖД өкілдері.