Алматыда жаңбыр суының салдарын жою үшін 34 патрульдік бригада кезекшілік етеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда нөсер жауынның салдарын жою үшін 34 патрульдік бригада кезекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 8 тамызда жаңбыр жауды.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, су басудың алдын алу мен оның салдарын жою мақсатында 52 патрулды бригада, 24 мотопомпа және 260 жол қызметкерлері тартылды. 2450 құм салынған қап дайындалды. Ьасқын су басқан жерлер тазаланды.
Түнгі кезекшілікке 34 патрульдік бригада, 26 мотопомпа және 102 жол қызметкерін түнгі кезекшілікке тарту жоспарлануда.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің мәліметінше, су тасқынына қатысты азаматтардан шағым түскен жоқ.
«Сағат 19:00-ден кейін негізгі су ағыны арық желілері арқылы қаланың төменгі бөлігіне өтті, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша қалада жаңбыр суы жоқ»,-делінген хабарламада.