Алматыда жаңбырға байланысты Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстары тоқтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбақиев көшесіне дейінгі аралықта асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңбырға байланысты Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстары тоқтады

Алматы қалалық мобилділік басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай даңғылының бойында Тілендиев көшесінен Розыбақиев көшесіне дейін асфальтбетон жабындарын төсеу жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеді.

Жол жөндеу жұмыстары 4 шілде түнгі сағат 23:00-ден 6 шілде таңғы сағат 06:00-ге дейін жоспарланған еді.

«Абай даңғылымен 5 шілде күні маршруттар өзгеріссіз қызмет көрсететін болады. Жол қазғалысына енгізілген өзгерістер туралы қосымша ақпарат таратамыз»,- деп атап өтті басқарма өкілдері.