Алматыда және екі облыста ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда, Алматы облыстары мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«Ауа темперутурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласының маңындағы елді мекендерде және Қызылорда облысында 26-шы ақпан мен 1 наурыз аралығында қар еріп, қызыл су көбейіп, мұздар да ери бастайды»,-делінген хабарламада.