17:48, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: 4 адам жапа шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Полежаев көшесіне жетпей болған.
Mitsubishi Lancer оң жақ жолаққа түсемін дегенде бір көлікке соғылған. Салдарынан жапондық көлік қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-Benz-ке соғылған.
Жол апатынан сондай-ақ, Iveco жүк көлігі мен Газель көліктері де зақымданды.
Соққыдан 4 адам жапа шеккен. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Жол апатының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.