Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Саин көшесінде жол апаты болып, салдарынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 26 қаңтар түнгі сағат 23:30 шамасында Әуезов ауданында болды.
«Хонда» маркалы автокөлігінің жүргізушісі - 2003 жылы туған Р. есімді азамат, Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, жарықтандыру шамы бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы – 2003 жылы туған И. есімді азамат және 2004 жылғы Н. есімді азамат мерт болды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптамалар тағайындалды.