Алматыда жанжалдарды қарау және шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда жанжалдарды қарау мен шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті,

Алматыда жанжалдарды қарау және шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Алматы қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен басқосуға қала мәслихатының, жер қатынастары басқармасының, мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау органдарының, ПИК қауымдастығының, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Бүгінгі кеңесте қаралған мәселелердің бірі ? Түрксіб ауданының аумағындағы шағынаудандарда туындаған жер дауы болды. Аудан әкімі Владимир Устюгов әлеуметтік жанжалдарды болдырмау үшін аталған түйткілдердің шешімін табу жолындағы жұмыстарға тоқталып өтті. «Біздер заңсыз басып алынған жер телімдерін заңдастыру бойынша келіп түскен арыз-шағымдарды қарастыруды қолға аламыз. Бұл істер қазірде тиісті мемлекеттік мекемелердің тікелей бақылауында», - деді Түрксіб ауданының әкімі. Сондай-ақ отырыста осыған дейін қаралған Алматы қаласындағы ПИК-тердің қызметтерін реттеу бойынша комиссия құру туралы мәселелердің шешілу барысы жайы көпшілікке таныстырылды. Бұған қоса, «Баспананы халыққа қалдырайық» қоғамдық қозғалысына біріккен үлескерлердің түйткілдері талқыға салынды. Жалпы жанжалдарды қарау мен шешу жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғаннан бері 20-дан астам осындай отырыс өтіп, онда бірнеше ұжымдық өтініштер қаралды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік дау-дамайларды болдырмауға, азаматтардың құқықтары мен еріктеріне нұқсан келтіру деректерін жоюға септігін тигізбек.