Алматыда жапон мәдениетінің фестивалі өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Жапония елінің мәдениеті фестивалі өтті. Онда алматылықтар күншығыс елінің өнері және салт-дәстүрлерімен жақын танысты.

Алматыда жапон мәдениетінің фестивалі өтті (ФОТО)

Осы орайда музей қабырғасында дәстүрлі түрде жапон елінің маңызды тарихи кезеңдері, киім үлгісі, қолөнер бұйымдары жайында жекелеген көрмелер ұйымдастырылды.

«Жапония мәдениетінің фестивалі Қазақстанда осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Ол дәстүрлі түрде осы наурыз айында ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарын күншығыс елінің мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен жақын таныстыру», - деді Қазақстан-Жапония орталығының директоры Жанар Оразғалиева.

Фестивальге келушілер алдымен жапон дабылшыларының тайко деп аталатын ұлттық аспаптағы өнерін, сондай-ақ, кэндо - семсерлесу шеберлерінің өнерін тамашалады.

«Фестиваль аясында осы музейде сәндік-қолданбалы өнер, оригами, маталарды бояуға және өрнектеуге арналған қағаз трафарет, иероглиф жазу, жапондардың ұлттық тағамдарын және шай әзірлеу рәсімі бойыншга шеберлік сыныптары болады», - деді Ж. Оразғалиева.

Айта кетелік, аталмыш іс-шара Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізілді.
японской японской японской японской японской японской