Алматыда жапон мәдениетінің фестивалі өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Жапония елінің мәдениеті фестивалі болып өтті. Онда алматылықтар күншығыс елінің өнері және салт-дәстүрлерімен жақын танысты.
None
None

Осы орайда музейде дәстүрлі түрде жапон елінің маңызды тарихи кезеңдері, киім үлгісі, қолөнер бұйымдары жайында жекелеген көрмелер ұйымдастырылды. 

«Жапония мәдениетінің фестивалі Қазақстанда осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Ол дәстүрлі түрде осы наурыз айында ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты - қала тұрғындарына күншығыс елінің мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен жақынырақ таныстыру», - деді Қазақстан-Жапония орталығының директоры Жанар Оразғалиева.  

Фестивальға келушілер алдымен жапон дабылшыларының тайко деп аталатын ұлттық аспаптағы өнерін, сондай-ақ, кэндо - семсерлесу шеберлерінің өнерін тамашалады.

«Фестиваль аясында осы музейде сәндік-қолданбалы өнер, оригами, маталарды бояуға және өрнектеуге арналған қағаз трафарет, иероглиф жазу, жапондардың ұлттық тағамдарын және шай әзірлеу рәсімі бойынша шеберлік сыныптары болады», - деді Ж. Оразғалиева. 

Айта кетелік, аталмыш іс-шара Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар