Алматыда жапон тауарларының арзан дүкені ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Miniso белгілі жапон брендінің франшизасымен 2 дүкен ашылды. Сауда орындарының ерекшелігі ішіндегі тауарлардың көпшілігінің құны 900 теңгеге жетпейді.  

Алматыда жапон тауарларының арзан дүкені ашылды

Қалалық кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жаңа нысандар «Апорт» пен «Максима» сауда орындарында орналасқан.

Қаңтарда аталған брендтің дүкендері Астанада ашылмақ.

Әлемдік ритейлер косметика, электронды құралдар, тұрмыстық химия, ыдыс-аяқ сатумен айналысады. Айта кету керек, тауарлардың көпшілігінің құны 900 теңгеден аспайды.

Басқармадан хабарлағандай, Алматыда қазіргі таңда шетелдік компаниялардың қатысуымен 14 мың компания жұмыс істеп келеді.

100-ге тарта елдің бренді Алматы тұтынушыларына таныс.

Сондай-ақ, келер жылы әлемге белгілі екі қонақ үй салынады. Белгілі неміс брендінің гипермаркеті ашылады. Сонымен қатар, бірқатар ритейлерлермен келіссөздер жүргізілуде.