17:09, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыда жаппай жол апаты: 4 көлік қирады (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай жол апаты орын алып, 4 көлік зақымдалды.

Мұқанов көшесімен солтүстікке бағытталып келе жатқан Лада Приора көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Субару Легаси мен Нюндайды соғып, қоршауды қирата келе Мұқанов көшесімен оңтүстікке бағытталған Фольксвагенді іліп барып өзі бағанға соғылған. Лада Приора жүргізушісі өзінің жолда көзі ілініп кеткенін айтты. Абырой болғанда, жол апатынан жолаушылар мен жүргізушілер ауыр жарақат алған жоқ. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем көлігі Субару Легасидегі жолаушы келіншекке көмек көрсетті.