Алматыда «Жар-Жар және қаладағы түрлі мерекелер» атты жаңа журнал жарық көрді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыдағы Д.Қонаев мұражайында «Жар-Жар және қаладағы түрлі мерекелер» атты жаңа журналдың таныстырылымы өтті,

Алматыда «Жар-Жар және қаладағы түрлі мерекелер» атты жаңа журнал жарық көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Журналдың бас редакторы Досан Сембайдың айтуынша, басылымда түрлі мерекелерді ұйымдастыру, мерекелік шаралар мен оларда көрініс табатын дәстүрлер, сондай-ақ осы сала туралы қызықты ақпараттар жарияланып отырмақ. «Қазіргі кезде қарапайым той өткізудің өзіне үлкен кеңестер мен таңдау керек. Ал үлкен мерекелік шараларды ұйымдастыру үшін түрлі ақпараттар іздеуге тура келеді. Журнал осы бағытта оқырманға кеңесші болуды мақсат тұтады», - дейді Досан Сембай.Бүгін таныстырылымы болған санында қаладағы түрлі шаралар мен мерекелерді өткізу үшін кеңестер, ақпараттармен қатар Дінмұхамед Қонаевтың отбасын құруы туралы мақала жарық көрген.