Алматыда жарнамалардың жаңа тұжырымдамасы жасалып жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматы әкімдігінде сыртқы жарнаманың жаңа тұжырымдамасы талқыланды,

Алматыда жарнамалардың жаңа тұжырымдамасы жасалып жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алматыдағы сыртқы жарнаманы дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық шешімдері қараған Ахметжан Есімов құзырлы органдарға қала көшелері мен даңғылдарының сәулет келбетін арттыруда сыртқы жарнаманы орналастыруға байланысты жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғындардың өміріндегі әлеуметтік жарнаманың рөліне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертіп, көліктегі жарнаманы реттеуді және бұл саладағы тіл саясатының сақталуын бақылауға алуды жүктеді. «Біз Алматыдағы барлық сыртқы жарнаманы реттеп, бәсекелестік орта қалыптастыруымыз керек», - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала басшысының сөзіне қарағанда, енді жаңа тұжырымдаманың тәртібі мен нормаларына сай келмейтін билбордтар жойылатын болады. Жалпы қазіргі таңда Алматыда 1200-ден астам билборд бар.