Алматыда жартылай марафон чемпиондары белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz ресурсына сілтеме жасап.

Алматыда жартылай марафон чемпиондары белгілі болды

1.06.57 нәтижесімен Рахымжан Келманов және 1.18.02 нәтижесімен Мадина Керимова еліміздің абсолютті чемпионы атанды.⠀

Екінші орынды Ислам Аманқос-1.08.27, Ақбаян Нұрмамет-1.19.01 алды.⠀

Тұғырдың үшінші сатысында - Ержан Жанарыстанов – 01.09.44 және Татьяна Нерознак – 1.20.23.