Алматыда жарылған жылу құбыры қашан жөнделеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы коммуналды қызметі Бөкейханов Райымбек көшелерінің қиылысында жарылған құбырды қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарылған құбырды жөндеуге 9 бригада тартылды.

«Диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры өте ескірген. 1971 жылы пайдалануға берілген. Қазір құбырдың тесілген сегменті ауыстырылып жатыр», - деді әкімдіктен.

Оқыс оқиғаның салдарын жоюды «АлТС» ЖШС мен Энергиялық тиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасы қолға алды.

Ал аталған аймақтағы тұтынушыларға ыстық су бірнеше сағатта беріледі.

Айта кету керек, оқыс оқиға бүгін 12:05-те Бөкейханов Райымбек көшелерінің қиылысында болған еді. Жылу құбыры қысымға шыдас бермей жарылып кетіп, көшені ыстық су басты.

Соңғы жаңалықтар