Алматыда жарылған жылу трассасы жөндеуден өтіп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылу салдары жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жарылған жылу трассасы жөндеуден өтіп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нен хабарлағандай, 19 наурызда орын алған апаттан кейін диаметрі 700 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды. Жылу трассасы сынақтан кейін қайтадан қатарға қосылды және қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Ұлықбек – Саин – Жандосов - Ясауи көшелерінің шаршысында ыстық су мен жылу беру қалпына келтірілуде.

Сондай-ақ «Алматы жылу жүйесі» ЖШС алматылықтарды штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда өз бетінше іс-қимыл жасамауға шақырды.

«Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы «АлЖЖ« ЖШС-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы жұмыс істейтін +7 727 3780665 нөмірі немесе сағат 08:00-ден 18: 00-ге дейін қоңырау қабылдайтын +7 727 341 0777 нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз»,- делінеді компанияның хабарламасында.

Еске салсақ, кеше кешкі уақытта Алматы қаласының Әуезов ауданында жылу трассасы жарылып, бірқатар тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылған еді.