Алматыда жас астрономдар мен болашақ ғарышкерлер слеті басталды
Оның мақсаты - астрономия, ғарышкерлік саласында мектеп оқушылары білімінің деңгейін көтеру және оларды халықаралық байқауларға, олимпиадаларға және турнирлерге қатысуға дайындау.
Слетте ел мектептерінің 7-11 сыныбының пән үйірмелерінде белсенді дайындалып жүрген, астрономия және ғарыш бағыттары бойынша байқаулардың жеңімпазы болған 130 оқушысы, сондай-ақ, республикалық астрономиялық практикумнің қатысушылары қатысуда.
Слет шеңберінде ғарыш астрономиясы және физика бойынша олимпиада, ғылыми жобалар байқауы өтеді. Мықтыларды анықтау және қорытындыларды шығару жарияланған екі іс-шара бойынша бөлек өткізіледі. Олимпиадалық байқау бағдарламасы екі турдан тұрады. Теориялық турда жас астрономдар қосымша білім мен біліктілігі деңгейін анықтауға арналған есептерді шығарады. Практикалық тур қатысушылардың жұлдызды аспанды білуіне негізделген.
Қазылар құрамында танымал астроном-ғалымдар және физиктер, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілдері бар.
Слет қатысушыларын білім сайысы ғана емес, сонымен қатар қызықты мәдени бағдарламалар - ғалымдармен және ғарышкерлермен кездесулер, Астрофизика институтына және Тянь-Шань биік тауларындағы обсерваторияға серуен, қала бойынша саяхат және басқа іс-шаралар күтуде. Слеттің ашылуы әлемнің көптеген елдерінде бүгін, 20 сәуірде атап өтілетін Халықаралық астрономия күніне орайластырылған.