Алматыда жас әйел кішкентай балаларын өлтіріп, өз өмірімен қоштасқан
Бұл жайында Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл қайғылы оқиға Медеу ауданындағы саяжайлардың бірінде орын алған. Өткен сенбі күні сағат 3-тер шамасында өз үйінде 36 жасар әйел мен 11 және 6 жасар кішкентай екі ұлының мүрдесі табылған. Олардың барлығы отағасының атына тіркелген аңшы мылтығынан атылған оқтан көз жұмған.
ІІД-нің жедел-тергеу тобының аталған оқиға бойынша жүргізген тексерістерінің нәтижесінде, әйел алдымен диванда ұйықтап жатқан балаларының бастарынан атып, кейін өзіне де қол жұмсағандығы анықталды. Сонымен қатар үйден әйелдің туған-туыстарына мұндай жағдайға отбасында орын алған жанжалмен, көңілінің бұзылғандығынан барғандығын түсіндіретін хаты табылған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, трагедия кезінде отағасы жұмыста болған, үйіне келген ол отбасы мүшелерінің мүрдесін алғашқы болып көрген. Қазір медициналық сараптау жұмыстары жүргізілуде.