Алматыда жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

trong>Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ -  Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының жанындағы жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға аталмыш қордың кеңес мүшелері, жоғары оқу орындардағы жас ғалымдар кеңесінің және басқа да ғылыми ұйымдардың төрағалары қатысып, жастар ғылымындағы басты тақырыптарды талқылады.

«Отырыстың мақсаты - жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар кеңестері мен ғылыми ұжымдардың қызметін насихаттау және жас ғалымдар кеңесін үйлестіріп, қолдау көрсету. Сондай-ақ жастардың бастамаларын дамытуға  жағдай жасап, озық тәжірибе таратуға қолдау көрсету.  Өткен жылы біз сегіз ғылыми грантты қаржыландырсақ, биылғысы алтау болды, бірақ жұмыстар әлі жалғасуда. Жас ғалымдар кеңесінің жыл сайынғы бюджеті 30 миллион теңгені құрап отыр», дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Б. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар