Алматыда жас ғалымдардың алқалы жиыны өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 10-ы күні «Жастардың ғылымы - ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетін дамытудың негізі» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтеді,

Алматыда жас ғалымдардың алқалы жиыны өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны - Жас ғалымдар кеңесі мен Қазақтың әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті ұйымдастырып отыр. Бұл шара «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасының аясында жоғары оқу орнының жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін дамытуға арналған. Онда - Ғылым мен білімді интеллектуалды ұлтты дамытудың негізі ретінде біріктіру; Интеллектуалды ұлт және мемлекеттік тіл; Ғылыми идеяларды өрістету қабілетін дамыту және оны «Интеллектуалды ұлт - 2020» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырудың рөлі; Ғылымды қаржыландыру: мәселелері және балама көздері; Қазіргі жағдайдағы IT технологиялар бойынша мамандарды дайындау; Химиялық технологиялар саласында мамандарды дайындау ісіне жаңаша қатынас; Ауыл халқының білімін қалыптастырудағы экстеншиннің ролі; Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың ғылыми бағдарын қалыптастыру мәселелері талқыға түседі деп жоспарланып отыр.