Алматыда жас ғалымдардың V халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 24 - 25 қараша аралығында ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазіргі замандағы Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі және инновациялық дамуы» деп аталатын жас ғалымдардың V халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
None
None

Конференцияға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен жастардың ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытқан ұйымдар қатысады.

Басқосуда өзекті деген бүгінгі заманғы зерттеулердің бағыттары талқыланып, жас ғалымдардың алдағы даму жоспарлары айқындалмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция барысында еліміздегі жас ғалымдар арасында тиімді ынтымақтастықты нығайту мен тығыз байланыстар орнатуға үлкен назар аударылмақ.

Соңғы жаңалықтар