Алматыда Жас инспекторлардың слеті өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда дәстүрлі мектепаралық Қозғалыстың жас инспекторларының (ҚЖИ) слеті өтіп жатыр,

Алматыда Жас инспекторлардың слеті өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы ІІБ Жол полициясы басқармасының ұйымдастыруымен 37-ші рет өтіп отырған шараға 7 мектеп оқушысы қатысуда.

Жол полициясы басқармасының бастығы Мұқан Досымбаевтың айтуынша, мұндай шара алдымен қаланың әр ауданында өткен және олардың үздіктері қалалық сайысқа қатысуға жолдама алған.

«Бұл жол қозғалысын реттейтін әрі оның қатысушыларын тәртіпке, жауапкершілікке итермелейтін маңызды шара десем болады. Жол қауіпсіздігі мен ұқыптылықты қамтамасыз етуде оқушылардың рөлі орасан. Қазіргі уақытта көптеген мектептердегі төменгі сынып оқушыларына тәлім-тәрбие беру жұмыстарын жоғары сынып оқушылары жүргізуде, бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын», дейді М.Досымбаев.

Аталмыш шараға қатысушы оқушылар «Жас реттеуші», «Үздік медбике», «Саптық дайындық», «Үздік үгіт бригада» сияқты аталымдар бойынша сынға түсуде. Бұл сыннан сүрінбей, үздік шыққан команда 30-шы мамыр мен 7-ші маусым аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық 10-шы слетте бақ сынайтын болады.