Алматыда жас музыкант Айдана Ақаштың алғашқы шығармашылық кеші өтті

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ІІ курс студенті Айдана Ақаштың алғашқы шығармашылық кеші өтті.
None
None

Айдананың жетекшісі музыкалық аспаптар кафедрасының доценті Меделхан Қонысбаевтың айтуынша, бұл шара талантымен көзге түскен шәкірттің өнерін паш ету және ұштау мақсатында арнайы өткізіліп отыр. Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне орайластырылған кеште Айдана Ақаш баянмен Төлеген Момбековтың «Мың жылқы», «Бозінгеннің бүлкілі» күйлерін, В.Темновтың «Веселая Кадриль» әнін, Бахтың менуэтін, Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндеріне арналған бірқатар шығармаларды орындады. Концертте сондай-ақ, музыкалық аспаптар кафедрасының өзге де студенттері өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар