Алматыда жас саясаттанушылар мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін талқылауда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің және Қазақ гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференция жұмысына жеке және мемлекеттік оқу орындарының өкілдері, ғылыми-зерттеу және сараптамалық құрылымдар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысуда.
Конференцияда Қазақстандағы ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудың перспективті жолдары, саяси зерттеулердегі мәселелер, саяси зерттеулердегі әдістер мен әдістеме ғылымы талқылануда.
"Әлемдік тәжірибеде және ұлттық құрылыс теориясында саяси ұлтты қалыптастыруда мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениет басты элементтер болып табылады. Қазақтар елдің мемлекет құрушы ұлты болып саналғандықтан, Қазақстанда тұрып жатқан барлық басқа ұлттар мемлекеттің қазақ тілін білуге қойып отырған талабын дұрыс түсінуі қажет. Ресейде орыс тілін білмеуді, не болмаса Германияда неміс тілінде сөйлемеуді, Францияда французша сөйлемеуді көз алдыңа елестету қиын", деп атап өтті конференция барысында Қазақ гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Есенжол Алияров.
Абай атындағы Ұлттық педагогика университетінің саясаттану кафедрасының профессоры Сайын Борбасовтың айтуынша, мемлекеттік тілді орыс тілінің даму деңгейіне дейін көтеру керек. "Қазақ тілінде ауылды жерлер мен аудандарда сөйлейді, ал халықтың көп шоғырланған ірі қалаларында көпшілігі орыс тілін қолданады. Мұндай теңсіздік жағдай тіл мәселесінде орынсыз жағдайларға әкеледі", деп атап өтті ол.
Ол сонымен қатар, "Тәуелсіз ел болғалы бері елімізде 2 200 мешіт салынып, қазақ тілінде оқытатын 890 мектеп ашылғанын" атап өтіп, "бүгінгі таңда 7 300 жалпы білім беретін мектеп болса, оның 4 000-ы қазақ тілінде оқытады. Тіркеуде тұрған 8000 БАҚ-ның 800-і ғана мемлекеттік тілде хабар таратып, жазып отыр", деп қынжылысын білдірді. Ол сондай-ақ, бүгінде табыс көзі саналатын жарнаманың көбіне орыс тілінде берілетінін айта келіп, қазақтілді БАҚ-тар бәсекеге қабілетсіз болып отыр деп атап өтті.