Алматыда жас суретші Радина Батпенованың алғашқы жеке көрмесі ашылды

Көрменің атауы белгілі бір идеяны білдіретін әрекет, метафора деген мағынаны білдіреді. Оның астарында суретшінің өмірлік және кәсіби қалыптасуының маңызды кезеңдері жасырылған.
Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қаржылай қолдау көрсетуімен ашылып отыр.
Көрмеге жас талантты суретшінің 60-тан астам туындылары - натюрморттар, портреттер, пейзаж суреттері қойылған.
Келушілер назарына қазіргі заманғы жас әйелдің қозғалыс пен қамқорлыққа, тебіреніске, сонымен бірге арман мен үмітке, музыкаға толы әлемі ұсынылды. Көркем шығарма кейіпкері өз туындыларымен күнделікті тіршілік қамынан өзге ең бастысы - ана болу бақытын, шығармашылық шаттығын, өмірдің мәнін сезініп үлгеретіндігін жеткізеді. Өнертанушылардың айтуынша, оның суреттері ерекше күшке ие - елеулі, айқын да, қайталанбас.
Көрме қазіргі заманғы адамдарды толғандыратын, таңдандыратын, қуантып, қобалжытатын жәйттердің бәрін бейнелейді.