Алматыда жас суретшілер көрмесі ашылды
Оны «Алтын күн» қоғамдық қоры мен Көркемөнер көрмесі және аукцион дирекциясы бірлесе ұйымдастырып отыр Шараның негізгі мақсаты жас авторларға өз еңбектерін көпшілікке кең көлемде көрсету және оларды қолдау мен бәсекелестікке қабілеттіліктерін арттыруға бағытталған.
«Мұнда бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған жұмыстар қойылған. Мұндағы жұмыстардың көпшілігі Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы студенттерінің қолынан шыққан. Бұл өнімдер терінің әр түріне салынған, акварельді картиналар мен фотосуреттер. Бұл экспозициялар көрермендердің Қысқы Азия ойындары алдында ерекше ықыласын тудырады деп сенемін. Сонымен бірге, жұмыстар естелік бұйым ретінде де қолданыла береді», дейді «Алтын күн» қоғамдық қорының президенті Еркебұлан Кенжеболатов. Оның айтуынша, кез келген көрермен өзіне ұнаған туындыны сатып ала алады. Ал бағаларын авторлары қояды.