Алматыда Жас тілшілердің ІІ форумы өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Жас тілшілердің ІІ форумы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Университет республикалық «Ұлан» және «Дружные ребята» балалар газеттерімен бірлесіп, оқушылар шығармашылығына байқау жариялаған болатын. Олардың шығармалары осы басылымдарда жарық көрді. Міне енді осы байқаудың жеңімпаздары форумға қатысуда. Байқау Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арналды. Оның мақсаты - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсуді армандайтын, өз болашағын журналистика, радио, телевизия, пиар, баспа ісіне арнағысы келетін дарынды да талапты жасөспірімдерді іздестіру, таныту, сондай-ақ журналистік ортаға тарту болып табылады», дейді журналистика факультетінің деканы профессор Ғалия Ыбраева.

«Ұлан» газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлының айтуынша, байқауға 100-ден аса оқушы қатысқан. «Біз осы байқаудан 15 баланы іріктеп алдық деп ойлаймын. Өткен жылы да 15 баланы іріктеп алған едік. Оның 5-еуі қазір осы ҚазҰУ-дің журналистика, екеуі филология факультетінде оқиды. Бүгінгі форумнан болашақ журналистер үлкен естелікпен қайтады деген сенімдемін», деді Есей Жеңісұлы. Ол сонымен қатар биылғы жеңімпаздардың арасында Ақсу ауданы, Қызыл ағаш ауылының оқушысы да бар екендігін атап өтті.

Форумда барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар