Алматыда жас тілшілердің республикалық форумы өтуде
АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде басталған жас тілшілердің республикалық форумына республика өңірлерінен 150-ден астам оқушы қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Форумды өткізудегі басты мақсаты - болашақ талапкерлерді еліміздің ең байырғы факультетімен таныстыру, қоғамдағы ең қызықты да маңызды кәсіпке деген жастардың назарын аудару болып табылады. Университеттің журналистика факультеті өз тарихында 16 мыңнан астам білікті мамандарды шығарған, бүгінде олар Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етуде.